"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және алғыс айту күніне орай "Әжелер" сайысы

Әжелер сайысы

«Жанға жайлы әңгіме »
 

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, Әжелер, аналар, сүйкімді қыздар!
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана- деп
Бүгінгі «Жұлдыз» тобының «Жанға жайлы әңгіме » сайыс-кешімізге қош келдіңіздер!

Уа, халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұлмереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (шашу)
 

Қадірменді қонақтар, ата-аналар!  Әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен, әжелерімізді ортаға ду қол шапалақпен шақырамыз.

Бүгінгі «Жанға жайлы әңгіме » сайысына қатысқалы отырған әжелерімізбен таныс болыныздар:    

(Жиреби:)

1. Алхина Шамсия Тулегеновна

2. Жакенова Райхана Хамзеновна

3. Джакупова Айман Тлеулесовна

 Енді сайысымыздын ақ жаулықты әжелерімізге әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтелік:

1. «Ақбота» бөбекжайының  әдіскері:- Исина Ботагоз Сартаевна

2.  Қазақ тілі мұгалімі: -        Гүлнар Бахытовна
 

Бүгінгі сайысымыздын кезендерімен таныс болыныздар:

1. «Тегін білу тектілік» (Өзің таныстыру.)

2. «Өнерлінің өрісі кең» (Өз өнерлерін ортаға салады: Ән, би,қол өнер, өлең шумақ т.б.)

3. «Ұлттық дастархан» (Тағам дайындау, жасалу жолын айту.)

4.«Білгенге маржан» (Ұлттық салт- дәстүр көрсету.)

Әже біздің күніміз,
Әженің біз гүліміз.
Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз, -дей отырып №1

сайыскер әжемізді ортаға шақырайық. Олай болса бірінші кезенімізге кезек береміз.

1-кезең: «Тегін білу тектілік» (Өзің таныстыру.)

№2 нөмірдегі әжеміз:

№3 нөмірдегі әжеміз:

Жүргізуші:  Ал кімнің өнері бар қаншалықты? Толғанта ән салдырып, билетіп, жасына қарамастан бұл ортада, қай әже таң қалдырар, бұл халықты –деп 2-кезең: «Өнерлінің өрісі кең» (Өз өнерлерін ортаға салады: Ән, би,қол өне, өлең шумақ т.б.) екінші кезенді басайық 

Әже деген көп шығар, 
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі-дей келе сайысымыздың ,3-ші кезеңі: «Ұлттық дастархан» (Ақ жаулықты әжелеріміз, тағам дайындау, жасалу жолын айтады.)

Қазақтың түрлі-түсті дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар. –деп, 4- кезең  «Білгенге маржан»  (Ұлттық салт дәстүрін көрсету.) Қабыл алыңызда.

Әділ қазылар шешімін шешкенше, мен сіздерге бір ән сыйлайын.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын- деп, сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берелік.

 

Қорытынды бөлімі: Әділ қазыларға сөз кезегін берсек!

Жүргізуші: Әжелер қалқып бақыт арасында,Уайым мұңқонбасын басыңызға.Осымен сайысымызды аяқтаймыз, Гүлбітсін бәріңіздің қадамыңа-деп жеңістеріңізге құтты болсын айтамыз. Келесі кездескенше сау саламатта болайық.

Жүргізуші: Сонымен, «Жанға жайлы әңгіме » атты сайысымыз да өз мәресіне келіп жетті.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.
Балқаймақ әже, қыздарымызға сырға толы әңгіме шертетін, тойға барса қасына ертетін, әжелеріміз аман болсын дейміз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. 
Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!