"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Мен елімнің - ертеңімін» мерекелік іс-шарасы

  Мақсаты: Жас ұрпаққа Қазақстан республикасының рәміздері туралы терең мағлұмат беру.

  Балаларды Қазақстан елінің азаматтарымен таныстырып, бүлдүршіндердің ел алдындағы болашағы деп елжандылыққа, бауырмалыққа баулу.

  Елін сүйген азаматтардың үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд Қазақстан  рәміздері, ел азаматтың суреттері, нақыл сөздер, шарлар, тақта.

Психолог: Армысыңдар, қадірменді қонақтар, балалар! Бүгін бізде тұнғыш президенті бағдарламасы бойынша «Рухани жаңғыру» іс- шара өтіледі.

Тақырыбы: «Мен елімнің-ертеңімін».

Жылулық шеңбер.

Біз Қазақстанның болашағымыз.

Біз Қазақстанның  келешегіміз.

Біз Қазақстанның азаматымыз.

Біз Қазақстанның жарқын болашағымыз!

 Балалар слайдқа назар аударайық.

 Слад бойынша  Тұнғыш президент, рәміздер ту, ел таңба, гимн, Ақ орда.

  Сұрақ-жауап:

Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

Біздің тұңғыш президентіміз кім?

Казақстан  Республикасының бас қаласы қалай аталады?

Біздің ана тіліміз?

Ал енді балалар біз бүгүн  Қазақстанның гимн орындап берейік.

 Балалар сендер Қазақстанның  ертеңісіздер.   Мен бүгін еліміздің  ақындарын, жазушыларын, педагогтарын  сендерге таныстырып кеткім келеді. Қазақ халқының ақындары көптеген мұра қалдырған. Олар жыршылық өнерді де меңгеріп, кейде ұзақ дастан-жырларды жатқа айтқан.

  Ақындар слайдпен   көрсетіледі.

Абай Құнанбаев, Сакен Сейфуллин, Ыбырый Алтынсарин.

 Балалар Отан туралы тақпақтарын айтып береді.

Тақпақтар:

 Айзада:

 

Досымжан:

Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің ұлымын

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

 

Уалихан:

Отаным менің Қазақстан

Қарызбын саған арқашан

Азаматтық борышты

Өтеуге мәңгі талпынам.

 

 

 

Карина:

Ел таңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

 

Әли:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеге ел тосқан,

Атамменен барған күн

 

Ақан:

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы –менің туған өлкем.

 

Аңсар:

Дүбірлетсін өңірді

Дүбірлетсін дүлдүлі

Қазақ деген елімнің,

Құтты болсын бұл күні.

 

Диана:

Көк аспандай көкпенбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

 

Қазақтың ән өнерін аса дамыған күйшілерді атап өткім келеді

   Дина Нұрпейісова, Құрманғазы Сағырбайұлы. т.б. Олар ұлттық домбырамен өлең айтып, күйлер ойнаған.

Слайдпен көрсету.

Дамыған елімізде өз ұлттық аспаптарымыз бар, оның бірі домбыра аспапы. Домбыра қазақтың ұлттық аспапы.Оның ойнайтын екі ішекті, кейде үш ішекті музыкалық аспап, тиегі, құлағы бар.

 Балалар бізге қонақ келеді  ұлттық домбыра аспаппен.Қонақ домбырамен келеді де  өлең шырқап береді.

  Балалар өлең не туралы?

  Өлеңді қандай ұлттық аспаппен айтты?

  Сендерге ұнады ма?

 «Ботақан» тобының қыздары  өлең орындайды:  «Қасиетті домбыра».

 Құрманғазы күйін тыңдау.

Балалар қонаққа рахметімізді айтайық. Балалар рахмет деп айтады.

 

Батырлармен танысу

 Батыр- жаугершілік кездер мен әскери жорықтарда жеке ерліктерімен ерекше көзге түскен ер жүрек, каһарман адамдар.

  Біздің  қазақстанның батырларымен танысып өтейік. Слайд арқылы батырлармен таныстырып өтемін.

  Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр,Қобыланды батыр т.б. Балалар біздің батырлар өте төзімді, шыдыамды, ер жүрек  болған екен. Біздің елімізді  , жерімізді қорғаған  атақты батырлар. Сендерде  елімізді, жерімізді қорғайтын ертенімізсіздер.

Ботақан тобының ұлдары  «Батырлар» атты  биди орындайды.

Балалар кереметсіңдер, биди жақсы орындадыңдар.

Енді біз ақындар мен таныстық, күйшілермен таныстық, батырлармен таныстық, біз енді ұлттық оын ойнасақ деп ойлаймын. Ұлттық ойындар ол асық ату, теңге алу, бәйге, қыз қуу, т.б ойындар ал бүгүн біз «Мерген» атты  ойынын ойнайық.

 Балалар « Мерген» ойынын ойнайды».

 Балалар бүгүн сендер жақсы, көңілді болдыңдар. Бірақ бүгүнгі іс-шарамызда аяқталды. Келген қонақтарымызға  сау болыңыз деп айтайық.

 Сау болыңыздар, келесі кездескенше!