«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Рухани қазына» атты аталар сайысы

Аталар сайысы

 «Рухани Қазына»

 

Жүргізуші:

Басталды, міне тойымыз,

Ұнады ән мен ойымыз

Шаттық, бақыт әкеліп,

Тойға ұлассын тойымыз.

Құрметті қонақтар, көрермендер бүгінгі біздің «Балапан» тобының қарияларымен өтетін «Рухани қазына» атты сайыс- кешімізге қош келдіңіздер.

(Ду қол шапалақ)

Жүргізуші:

Отбасымыз келіп жетті танысуға,

Сыпырды томағасын осы дұға.

Қызып келген қырандай керілтеді,

Әдеппенен ізетпен танысуға – дей отырып, «Рухани қазына» атты сайысымызды бастаймыз! Қарсы алыңыздар,  аталарымыз:

  1. Калмаганбетов Шортанбай Кабдуллинович
  2. Валиев Кенжеболат Жоманович
  3. Нурушев Даурен Молдахметович
  4. Жанабергенов Кабен Багисович
  5. Усербаев Турсунбай Рахимович

Жүргізуші:

Қырдан ескен самалы,

Салтымыз бар бағалы.

Ақ сақалды аталар,

Өз өнерін таныстырады – дей отыра, 1-кезеңіміздің «Таныстыру» бөліміне берейік.

  1. Калмаганбетов Шортанбай Кабдуллинович
  2. Валиев Кенжеболат Жоманович
  3. Нурушев Даурен Молдахметович
  4. Жанабергенов Кабен Багисович
  5. Усербаев Турсунбай Рахимович

Аталар өздерін таныстыра кетеді.

Жүргізуші:

Мәнге толы қазағымның тірлігі,

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.

Кеше ғана керексіз ғып тастаған,

Ғажап екен әдеті мен ғұрпы – дей келе, сайысымыздың 2-ші кезеңі «Қазақтың ұлттық бұйымы»

  1. Калмаганбетов Шортанбай Кабдуллинович
  2. Валиев Кенжеболат Жоманович
  3. Нурушев Даурен Молдахметович
  4. Жанабергенов Кабен Багисович
  5. Усербаев Турсунбай Рахимович

 

Аталар өздері тандаған бұйымдарына қысқаша мағлұмат береді.

Жүргізуші:

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар – сайысымыздың соңғы кезеңі «Өз өнерін көрсету».

Ал кімнің өнері бар қаншалықты?

Толғанта ән салдырып, билетіп.

Жасына қарамастан бұл ортада,

Қай ата таң қалдырар, бұл халықты –деп «Өнерлінің өрісі кең» сайысын тамашалайық

  1. Калмаганбетов Шортанбай Кабдуллинович
  2. Валиев Кенжеболат Жоманович
  3. Нурушев Даурен Молдахметович
  4. Жанабергенов Кабен Багисович
  5. Усербаев Турсунбай Рахимович

 

Аталар өз өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші:

Бүгінгі бұл сайыста,

Кімдер білгір, кім ұшқыр.

Салыстырып біз көрдік.

Қара қылды қақ жарып,

Әділін айтар қазылар,

Өздеріңізге сөз бердік – қорытындысы.

Жүргізуші: Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.

 

Аталарды марапаттау.

Жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше,

Осымен бүгінгі кеш аяқталды – дей келе осы кешімізді Валиев Кенжеболат атамыздың батасымен аяқтасақ.

Келген қонақтарға көп алғысымызды білдіремін.