«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар «Ақбота» бөбекжайы МКҚК Луначарский көшесі 197

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру 

бойынша атқарылған  жұмыстар

«Ақбота» бөбекжайы МКҚК Луначарский көшесі 197

 

Бүгінгі  болып жатқан саяси, макроэкономикалық үдерістерге қарап, рухани жаңғыру маңызды бөлігі болып саналады. Ол әлемдік өркениеттердің барлық негіздеріне күш, сенім, мызғымастылық  береді. Ал біздің жас мемлекетіміз үшін бұл барлық негіздердің негізі.

Біздің бөбекжайымызда "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі аспектілерін қозғай отырып, жаңа патриоттық сананы қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Осы бағдарлама аясында "Ақбота" бөбекжайымызда  келесі іс-шаралар өткізілді: "Менің өлкем" атты көркем сөз сайысы, Тілдер апталығы, қарттар күніне арналған "Біздің сүйікті әжелеріміз бен аталарымыз" атты дөңгелек үстел, "Қазақ  халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары" бейне-презентациясымен әңгіме, "Ауылға саяхат" ойыны, "Туған өлкем" суреттер мен қолөнер байқауы, "Қазақ халық ойындары" фестивалі .