«Қыз өссе , ел көркі» атты тәрбие сағаты
Уалиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында V ортаңғы «Көбелек» тобында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қыз өссе , ел көркі» атты тәрбие сағаты өтті. Қыздардың бойына ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік , сұлулық , ептілік , инабаттылық , кішіпейілділік т.б. ұлттық қасиеттерді жан –жақты сіңіре отырып, тәрбиелеу мақсатында аяулы аналарымыз Нурмагамбетова Камиланың анасы Нурмагамбетова Динара, Сабырова Көркемнің анасы Бекенова Айтолқын, Дулатова Алтынның анасы Коркутбаева Назира белсене қатысып, кішкентай қыздарымызға қазақ халқының өнерін, әдет – ғұрпын , салт – дәстүрінен тәлім – тәрбие берді. Нурмагамбетова Динара қыздарымызға гүл жасау техникасын көрсетсе, үйретсе, Бекенова Айтолқын бауырсақты пісіру жолдарын тәптіштеп түсіндірді, ал Коркутбаева Назира шаш өру жолдары мен тәсілдерін айтып, көрсетіп, үйретті. Осындай қыздарымызға қазақи тәлім – тәрбие беріп , өсіріп отырған , алтын уақыттарын қиып келген, аяулы аналарға мың алғыс деп рахметімізді айтамыз. Осындай тәрбие сағатты ұйымдастыра білген «Көбелек» тобының тәрбиешісі Бейсенова Шолпан Муратбековнаға да алғысымыз шексіз.