«Ертегі білесіз бе?»

                 Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында ортаңғы «Алақан» және «Құлыншақ» топтарының ата-аналарымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Ертегі білесіз бе?» атты іс-шара өткізілді. Осы өткізілген іс-шараға екі топтың ата-аналары белсене қатысып, білімдерін ортаға салды.  Іс-шараның бағдарламасы бойынша үй тапсырмасына «Алақан» тобының ата-аналары «Шық бермес Шығайбай» аңызын , «Құлыншақ» тобының ата-аналары  «Алдар көсе мен бай» аңызын сахналық қойылымға дайындап, балаларға көрсетті . Балаларға бұл сахналық қойылымдар керемет ұнады.  Іс-шара соңында Наурыз мейрамын тойлау мақсатында қазақтың ұлттық тағамдары көрсетіліп, әрқайсысына түсінік берілді.