«Өз туған жеріңді біл және сүй».

«Өз туған жеріңді біл және сүй».

«Рухани-қазына» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы бойынша жалпыұлттық патриотизмге баулу.

              Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру  үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кінідік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Мәселен, «Ауылым-әнім» атты әнді айтқанда. «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл-мағынасы өте терең сөздер. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы-шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер-әркімнің шыр етіп жерген түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларыыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлайн-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы мәні неде?

          Біріншіден, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартауға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі мектепке дейінгі мекемеде туған жердің тарихын білімнен көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

         Екінші, басқа аймақтарға көшіп келсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл-қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше ынталандыру керек.

           Үшінші, «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмның нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге-Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.

          (Н.Назарбаев, «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» жолдауынан үзінді)

Міне, осы Елбасы айтқан сөздерді жанымызға жалау , жұмысымызда міндет етуіміз керек. Елбасының ойынша ұлттық текті сақтап қалуға мүмкіндік беретін басты көрсеткіш-бұл патриоттық тәрбие. Қазақстандық білім беру жүйесінде балаларды патриоттық сезімгі баулуға аса мән беріліп отыр. Балалардың жас күнінен Отанға деген сүйіспеншілігін, атамекенде өмір сүріп жатқан ұлт пен ұлыстардың мәдениеті жайында білім бере отырып, біртұтас қазақстандық қоғамды қорғауға деген түйсігін қалыптастыру қазіргі білім беру жүйесінің ұстанымы болып отыр. ҚР өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Ең басты міндет-осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды-Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Отаншылдық сезім-адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім көрсеткіші жалпы адам баласының еліне, жеріне өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық сезім объектісі мен қайнар көзі-Отан десек, оны мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, салт-дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам жүрегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін, баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдыретті сезім. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп, жетіліп, патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Балаларды патриотизмге тәрбиелеу-балалардың нақты іс-әрекеті мен мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір балада патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Сондықтан педагогтар өз қызметінде біріншіден терең патриотизм-Отанға, қазақстанға, өз халқына деген сүйіспеншілік;

Екіншіден- халықтар достығы идеясын ұстану және насихаттау. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Патриот болу-Қазақстан мемлекетін өз жүрегіңде сақтау» деген сөздері терең ой салады. Өз елінің патриоты болу әрбір азаматтың  парызы мен міндеті. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті-өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу. Қазақстанның жас ұрпағына этностық ерекшеліктерімізді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерліс істерін насихаттау келешек ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудің жолы болып табылады. Адам баласының әрқайсысының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі көрініс. Әр ұрпақ өзінен бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғандықтан, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді. Тарихта патриоттық тәрбие туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен. Патриоттық тәрбиеге сүйенетін негізгі ұғымдар-«ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» деуге болады. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз-ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын адам бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлтымызды ұлылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмытылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы ұлттық патриотизмді күшейте түседі. Ал, Қазақстандық патриотизм- Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ртетінде сезінгенде, қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады. Тәуелсіз қазақстанда балаларға патриоттық тәрбие беруде ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Өйткені жалпы тәрбиелеу үдерісі біріншіден отбасынан бастау алып, бөбекжай, мектеп арқылы жалғасын табады. Баланы отбасында патриоттық сезімге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата-тегін білуді таныту- ата-ана парызы болса, тәрбиеші, ұстаздың міндеті көркем шығармалар арқылы тәрбиелеу. Көркем шығармалар ойды да, сезімді де тәрбиелейді, мінез-құлықты қалыптастырады. Балалар жағымды кейіпкерлерге еліктейді, содан үлгі алады. Балалар көркем шығармалар арқылы өз бойына патриоттық сезімді ұялататыны анық. Ең бірінші әсер тәуелсіздікке қол жеткізген аға –әпкелеріміздің ерліктері болса, туған жерге деген сүйіспеншілік, ерлік жасауға негіз болатын оқиғалардың барлығы көркем шығармаларда беріледі. Олар тікелей тарихпен  байланысты, ал тарихымыз біздің осы күнге жеткен қиын да, аңсаған жолымыз. М.Жұмабаевтың «Елдің ерлігін сақтайтын-әдебиеті, тарихы-салт-дәстүрі» деген нақыл сөзі бар. Көркем әдебиетті алсақ, ежелден қалыптасқан қазақтың Отансүйгіштігін, ұлтжандылығын айқын көрсететін шығармалар ұсынылған, оған қазақтың мақал-мәтелдері дәлел. Мысалы, туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер. Олардың өзі қазақтың елін, жерін, Отанын сүюінің негізі болып табылады. Ауыз әдебиеті балалардың ішкі дүниесін, рухани-адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағытталған, бұл тұрғыда ерекше мүмкіндіктері бар. Мысалы: батырлар жыры, қазақтың би-шешендерінің сөздері балаларға ұлттық таным, патриоттық тәрбие берсе, табиғатты суреттейтін көркем шығармалар балалардың бойында туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады. Балаларға Отан, туған жер туралы өлең-тақпақтар, мақал-мәтелдер және әңгімелерді ұдайы айтып отырсақ, өскелең ұрпақтың өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдері қалыптасады. Қазақ-құдыреттілігі, имандылығы, адамгершілігі көзінен, жүрегінен көрініп тұрған, патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық. Бүкіл білім беру жүйесі арқылы осыларды сыртқа шығару, жоғары дәрежеге көтеру қажет, ол үшін сапалы патриоттық тәрбие керек. Бұл сырттан ғана келетін әсер емес, ол іштен шығатын, дамитын, қалыптасатын ерекше қасиет. Бөбекжайда патриоттық тәрбие беру барысында көптеген іс-шаралар, ашық оқу қызметтері өтіп отырады. Тілдер апталығында өткен іс-шаралар мақсаты әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында балаларға үш тілді меңгеруту, ана тілін құрметтеу, туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани-патриоттық тәрбие беру. 1-желтоқсан Президент күніне орай өткізілген ертеңгіліктерде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру мақсатында балаларға президентің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету. Балалаларды өз туған жерін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеп, патриоттық сезімін арттыру. 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында да мерекелік іс-шараларда 1986 жылғы тар жол, тайғақ кешуден өткені жайлы айта отырып, сол желтоқсан оқиғасында жас өмірлерін жалау еткен қазақтың қайсар ұлдары мен қыздарымыздың арқасында бүгін көк туымыз желбіреп тұр. Міне, бүгін осы Тәуелсіздіктің оңаймен келмеген балаларға түсіндіріп, оларды патриоттық тәрбиелек мән-мағынасы бар өлеңдер мен тақпақтар айта отырып, өздерінің болашақ еліміздің ұландары екені көрсете білді.

«Ақбота» бөбекжайының әдіскері

Бекенова Меруерт Джексенбековна