«Егемен елім – еңселі Қазақстан»

23.10.2026

«Егемен елім – еңселі Қазақстан» 

Мектепалды «Құлыншақ» тобында Республика күніне орай «Егемен елім – еңселі Қазақстан» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 🎉 Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Балалар Отанға деген сүйіспеншіліктерін ән мен би арқылы жеткізіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. 🐎 Ұлдарымыз «Бәйге» биін орындап, өнерлерін ортаға салды. Барлық тәрбиеленушілер «Қазақстаным менің» әнін шырқап, патриоттық сезімдерін көрсетті.  🎈 Сонымен қатар балалар көңілді ойындарға қатысып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атап, олардың маңызын еске түсірді. Ән айтып, би билеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеген мазмұнды мерекелік шара көтеріңкі көңіл күймен өз мәресіне жетті.

💙💛 Еліміздің көк туы көкте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!

#РеспубликаКүні
#ЕгеменЕлімЕңселіҚазақстан
#ҚұлыншақТобы
#Балабақша
#ПатриоттықТәрбие
#ҚазақстанымМенің
#ҰлттықҚұндылықтар

Просмотров: 1


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу