Көпшілік алдында талқылау үшін 2018 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында МКҚК «Ақбота» бөбекжайының қызметі туралы есебі
Көпшілік алдында талқылау үшін
2018 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының
қызметі туралы есебі
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне сәйкес 2 мемлекеттік қызметті көрсетеді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 151, олардың ішінде:
- қағаз нысанында – 136;
- «Электрондық үкімет» веб – порталы арқылы –13 ;
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 1 ;
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы 3 мемлекеттік қызметті көрсетеді:
1) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау-149 ;
2)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының
педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға
біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан
өткізуге құжаттар қабылдау-1;
3) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру немесе алмасу үшін құжаттарды қабылдау - 0;
Халықты хабардарлық ету мақсатында МКҚК «Ақбота» бөбекжайының сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы қабылданған бұйрықтар және осы қызметтерді көрсету бойынша нұсқаулықтар орналастырылған. Одан басқа, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сұрақтары бойынша халықтың қолжетерлігі және ақпараттылығы мақсатында, МКҚК «Ақбота» бөбекжайында көрнекілік ақпаратпен (стандарттар, өтініштер үлгілері және т.б.) стендер орналастырылған. МКҚК «Ақбота» бөбекжайы ресми Интернет-ресурсында «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда стандарттар, регламенттер, шағымдану тәртібі, байланыс ақпараттары орналастырылған.
Ай сайын «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ-не 3 мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ішкі мониторинг жұмысы туралы есеп беріледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылық жоқ.
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және оларды көрсету тәртібі бар стенд рәсімделген.
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының жауапты тұлғасы Бекенова Меруерт Джексенбековна «Білім саласында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету» тақырыбы бойынша біліктілікті арттырудан өткен.
Мемлекеттік қызМКҚК «Ақбота» бөбекжайында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары және бөліммен және білім беру ұйымдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы түсіндіріп тарату және тұтынушыларды хабардар ету жөніндегі 2019 жылға арналған Медиа-жоспар бекітілген. МКҚК «Ақбота» бөбекжайында мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісі, сапасы және қолжетерлікті апта сайын мониторингілеу жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
2018 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік қызметтерді алатын тұтынушылардан мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
|
Шағымданушы туралы мәлімет |
Шағым мәні |
Шағымды қарайтын және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау мерзімі |
Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжат № |
Қабылданған шешімдер |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет |
|
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының директоры: Б.Бостанбаева
Орынд.: М.Бекенова