кіші «Балапан» тобында 25 қазан – Республика күніне орай «Егемен елім – еңселі Қазақстан» атты тәрбие сағаты
23.10.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Балапан» тобында 25 қазан – Республика күніне орай «Егемен елім – еңселі Қазақстан» атты тәрбие сағаты өткізілді. 🎉 Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Бүлдіршіндер педагогтің көмегімен суреттерге қарап, көргендерін қайталап айтып, өз ойларын жеткізуге талпынды. 🎯 Сонымен қатар балалар ұлттық құндылықтарымыздың бірі – асық ойынымен танысып, қызығушылықпен ойынға қатысты. ✨ Тәрбие сағаты барысында балалардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу және ұлттық ойындарға қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Егемен еліміздің болашағы – білімді, тәрбиелі ұрпақтың қолында!
#АқботаБөбекжайы
#БалапанТобы
#РеспубликаКүні
#ЕгеменЕлімЕңселіҚазақстан
#ҰлттықОйын
#АсықОйыны
#ПатриоттықТәрбие
#Қазақстан 🇰🇿