кіші «Күншуақ» тобында 25 қазан – Республика күніне орай «Егемен елім – еңселі Қазақстан» тақырыбында тақырыптық сағат

23.10.2026

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Күншуақ» тобында 25 қазан – Республика күніне орай «Егемен елім – еңселі Қазақстан» тақырыбында тақырыптық сағат өткізілді. ✨ Тақырыптық сағат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнді орындаумен басталды. Бүлдіршіндерге туған ел, Отан, мемлекеттік рәміздер туралы қарапайым түсініктер беріліп, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. 🌿 Іс-шара барысында балалар тәрбиешінің қолдауымен ұлттық ойын – «Асық ату» ойынын ойнап, ұлттық ойындарға қызығушылықтарын танытты. 🎨 Сонымен қатар асықты пайдалана отырып, «Асықтарды түстерге бөлу» дидактикалық ойыны ұйымдастырылды. Ойын арқылы балалар түстерді ажыратып, заттарды белгілі бір белгісіне қарай топтастыруға жаттықты. 💙 Осындай танымдық әрі көңілді іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің ұлттық құндылықтарға қызығушылығы артып, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерінің алғашқы негіздері қалыптасады.

Республика күні құтты болсын!
Еліміздің болашағы – білімді, тәрбиелі, отансүйгіш ұрпақтың қолында!

#АқботаБөбекжайы
#КүншуақТобы
#РеспубликаКүні
#ЕгеменЕлімЕңселіҚазақстан
#ҰлттықОйын
#АсықАту
#ПатриоттықТәрбие
#ҰлттықҚұндылық
#Бүлдіршіндер

Просмотров: 10


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу