Жаз да келді, көңіл-күй көтеріңкі!

15.06.2026

☀️ Жаз да келді, көңіл-күй көтеріңкі! ☀️

Дене тәрбиесі нұсқаушысы А.Н. Усенова ересек "Нұрсәуле" тобы тәрбиеленушілерімен таза ауада жазғы сауықтыру шараларын ұйымдастырды. Балалар әртүрлі қимылды ойындарға қатысып, ептілік пен жылдамдықтарын көрсетті, достық қарым-қатынасты дамытты. Таза ауадағы ойындар балалардың физикалық денсаулығын нығайтып қана қоймай, командалық жұмысқа, ынтымақтастыққа және белсенді өмір салтын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді. Көңілді жазғы күндеріміз жалғаса берсін! 🌿🌞🏃‍♀️🏃‍♂️Мұндай іс-шаралар балалардың энергиясын шынықтырып, олардың шығармашылық және әлеуметтік дамуына оң әсер етеді. Балалар әрбір сәттен қуаныш тауып, өздерін сергітті және белсенді сезінеді! 🌈

Просмотров: 422


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу