Жаңару күні – табиғатпен үндескен мереке!

19.03.2026

🌱 Жаңару күні – табиғатпен үндескен мереке! 🌱

 «Қошақан» мектепалды тобында Жаңару күні ерекше аталып өтті. 🌸 Жаңару күні – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің қайта жанданатын кезеңін білдіретін, тазалық пен қамқорлыққа үндейтін маңызды күн.
Бұл күні бүлдіршіндерімізбен бірге топтағы гүлдерге күтім жасап, олардың топырағын қопсытып, жапырақтарын сүртіп, су құйдық. 🌿 Сонымен қатар, балалар өз қолдарымен гүл отырғызып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Осындай іс-шаралар арқылы балалар еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға және қамқорлық жасауға тәрбиеленеді. 💚

#ЖаңаруКүні #ҚошақанТобы #АқботаБөбекжайы #ТабиғаттыАялау #БалаларТәрбиесі #НаурызМерекесі

Просмотров: 88


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу