Қош келдің, Жаңа жыл – 2026!

31.12.2025

🎄✨ Қош келдің, Жаңа жыл – 2026! ✨🎄

Ересек «Нұрсәуле» тобының балалары үшін
«Қош келдің, Жаңа жыл – 2026!» атты жарқын жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік кешке ертегі кейіпкерлері – Мыстан, Ханзада және Ханшайым қатысып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады 🎭✨
Қызықты сахналық көріністер мен көңілді сәттер мерекенің әсерін арттыра түсті.

Бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақарға жаттаған тақпақтарын айтып, әсем би билеп, өз өнерлерін паш етті 🎶💃
Шара соңында балалар Аяз атаның тәтті сыйлықтарына ие болып, шат-шадыман көңіл күйде тарқасты 🎁

🎅🌟 Мерекелік іс-шара балаларға мол қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйлады! 🌟🎅

Просмотров: 774


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу