Ортаңғы бірлестік тобының тәрбиеленушілерімен «Аяз ата мен Жаз» атты қызықты сауықтыру іс-шарасы

25.07.2025

🌞❄️ "Ақбота" бөбекжайында ерекше сауықтыру іс-шарасы өтті!

📌 Ортаңғы бірлестік тобының тәрбиеленушілерімен «Аяз ата мен Жаз» атты қызықты сауықтыру іс-шарасы ұйымдастырылды.

🔹 Мақсаты: балаларға күннің, ауаның, судың денсаулыққа тигізетін пайдасын ойын арқылы түсіндіру.

🎭 Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін іс-шараға:
✨ Аяз ата,
✨ Жалмауыз кемпір,
✨ Су ханшайымы
сияқты ертегі кейіпкерлері қатысты.

💦 Су ханшайым балалармен бірге "Су атқыш" ойынын ойнады, ал Аяз ата балаларға тәтті сыйлықтар үлестірді.

😍 Балалар қуаныш пен шаттыққа бөленіп, іс-шараға белсенді қатысып, денсаулықтың қадірін түсініп, судың, күннің, ауаның адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат алды.

✨ Іс-шарамыз қызықты, әсерлі әрі балалардың көңілінен шықты!

Просмотров: 170


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу