ересек «Еркетай» тобында 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шара

24.10.2026

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ересек «Еркетай» тобында 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тәрбиеленушілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу, олардың маңызын түсіндіру және елге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Мерекелік шара барысында балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атап, олардың әрқайсысының еліміз үшін маңызы туралы білімдерін еске түсірді. Бүлдіршіндер белсенді қатысып, өз білімдерімен бөлісті. ✨ Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, елін құрметтеу, туған жерін қадірлеу сияқты құндылықтар қалыптасады. Республика күні құтты болсын!Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз көгімізде мәңгі желбірей берсін!

#АқботаБөбекжайы
#ЕркетайТобы
#РеспубликаКүні
#ЕгеменЕлімЕңселіҚазақстан
#МемлекеттікРәміздер
#ПатриоттықТәрбие
#ҰлттықҚұндылықтар
#Қазақстан

Просмотров: 28


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу