ортаңғы «Нұрсәуле» тобында 25 қазан – Республика күніне орай «Егемен елім – еңселі Қазақстан» тақырыбында тақырыптық сағат
24.10.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ортаңғы «Нұрсәуле» тобында 25 қазан – Республика күніне орай «Егемен елім – еңселі Қазақстан» тақырыбында тақырыптық сағат өткізілді. ✨
Тәрбие сағаты барысында балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысты. Әнұран орындалып, көк Туымыз бен Елтаңбамыз туралы әңгіме жүргізілді. Балалар Отан, туған жер, ел туралы тақпақтар айтып, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар Қазақстанның көрікті жерлері мен жетістіктері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, шығармашылық тапсырмалар орындап, өз білімдерін толықтырды.
Тәуелсіз еліміз жасай берсін!
Көк туымыз әрдайым биікте желбіресін! 🇰🇿💙
#АқботаБөбекжайы
#КүншуақТобы
#РеспубликаКүні
#ЕгеменЕлімЕңселіҚазақстан
#ҰлттықОйын
#АсықАту
#ПатриоттықТәрбие
#ҰлттықҚұндылық
#Бүлдіршіндер