«Егемен елім – еңселі Қазақстан»

24.10.2026

«Егемен елім – еңселі Қазақстан» 

Мектепалды  «Қошақан» тобында 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды. 🎉Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, Мемлекеттік Ту мен Елтаңба туралы білімдерін ортаға салып, ел рәміздерінің маңызын көрсетті.🎯 Балалар мерекелік бағдарлама барысында «Кім шапшаң?», «Орамал тастамақ» ұлттық ойындарына белсенді қатысып, шапшаңдықтары мен ептіліктерін танытты.🎶 Әсем «Қазақстан» әні шырқалып, ұлдар мен қыздар өздерінің көңілді билерін орындап, мерекеге ерекше сән берді. 💃🕺✨ Ән мен биге, ұлттық ойындар мен көтеріңкі көңіл күйге толы ертеңгілік балаларға үлкен қуаныш сыйлап, жақсы әсер қалдырды.

Республика күні құтты болсын!
Еліміз аман, көк туымыз көкте желбіреп, тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік болсын!

#АқботаБөбекжайы
#ҚошақанТобы
#РеспубликаКүні
#ЕгеменЕлімЕңселіҚазақстан
#ҰлттықОйындар
#ОрамалТастамақ
#ПатриоттықТәрбие
#Қазақстан 

Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу