ересек «Еркетай» тобында тәрбиеленушілермен «Әр баланың білім алуға, демалуға, ойнауға құқығы бар» тақырыбында танымдық әңгіме
03.07.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ересек «Еркетай» тобында тәрбиеленушілермен «Әр баланың білім алуға, демалуға, ойнауға құқығы бар» тақырыбында танымдық әңгіме ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларға өз құқықтары туралы қарапайым түсінік қалыптастыру, құқық пен міндеттің өзара байланысын ұғындыру және бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.Әңгімелесу барысында балалар өздерінің негізгі құқықтарымен танысты:
📖 білім алуға,
🌿 демалуға,
🎲 ойнауға құқығы бар екенін білді. Қызықты әңгіме, сұрақ-жауап және ойын элементтері арқылы тәрбиеленушілер әрбір құқықпен қатар белгілі бір міндеттің де болатынын түсінді. Балалар бір-бірінің құқығын құрметтеудің, достықтың, сыйластықтың және қамқорлықтың маңызын ұғынып, өз ойларын еркін жеткізді. Осындай танымдық іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің құқықтық сауаттылығы артып, жауапкершілік сезімі мен адамгершілік құндылықтары қалыптасады.
💙 Бақытты балалық шақ – әр баланың ажырамас құқығы!