«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің нышаны, елдігіміздің мақтанышы!»

05.06.2026

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ортаңғы «Балдырған» тобында Рәміздер күніне арналған танымдық тәрбие сағаты өткізілді.Іс-шара барысында бүлдіршіндер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, Ту, Елтаңба және Әнұран туралы білімдерін қайталап, бекітті. Балалар мемлекеттік рәміздердің маңызы мен мәні туралы түсініктерін кеңейтіп, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін нығайтты. Тәрбие сағатының шығармашылық бөлімінде тәрбиеленушілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының суретін бояп, өздерінің қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында елжандылық, патриоттық сезім қалыптасып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметі арта түседі. «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің нышаны, елдігіміздің мақтанышы!»

#АқботаБөбекжайы #БалдырғанТобы #РәміздерКүні #4Маусым #МемлекеттікРәміздер #ПатриоттықТәрбие #ОтанымҚазақстан

Просмотров: 438


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу