Бүгін бөбекжай ұжымы бөбекжайішілік сенбілікке шықты.

18.04.2026

Тазалық – денсаулық кепілі! 🌿 Бүгін бөбекжай ұжымы бөбекжайішілік сенбілікке шықты. Аумақты тазалап, айналаны ретке келтіріп, топ учаскелеріндегі қоқыстарды жинап, балаларымызға таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға өз үлесімізді қостық. Далада жел болса да, қыстан қалған қоқыстарды тазалап, ауламызды ретке келтірдік. Бірлік пен еңбектің арқасында ауламыз кішкене болса да көркейіп, көңіл-күйіміз көтерілді. 

Просмотров: 210


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу