«Қошақан» мектепалды тобының «Бауырсақ-PARTY» мерекесі өтті!

18.03.2026

🎉 «Қошақан» мектепалды тобының «Бауырсақ-PARTY» мерекесі өтті! 🎉

Бүгін МКҚК бөбекжайымыздың «Қошақан» мектепалды тобы ата-аналардың қолдауымен ерекше «Бауырсақ PARTY» мерекесін ұйымдастырды! 🥳🍽️

Балалар аналарының көмегімен бауырсақ пісіріп, бөбекжай ұжымына және достарына сый көрсетті. 👩‍🍳👧👦 Мереке барысында «Нан – ас басы» деген тақырыпта мағлұмат айтылып, ұлттық тағамдарымыздың маңыздылығы туралы әңгімелестік. 🌾

Барлық қатысушылар дәмді бауырсақтан дәм татып, көңілді кеш өткізді! 😍✨

Ұлттық тағамдарымыз арқылы балаларымызға ұлттық құндылықтарды үйретіп, болашаққа аманат етеміз!

#БауырсақParty #ҚошақанТобы #АқботаБөбекжайы #ҰлттықТағамдар #НанАсБасы #ҰлттықҚұндылықтар

Просмотров: 76


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу