Жаңа жыл – сиқырға толы мереке!
31.12.2025
🎄✨ Жаңа жыл – сиқырға толы мереке! ✨🎄
Жаңа жыл – балалар үшін ең сүйікті әрі ең ғажайып мерекелердің бірі. Осыған орай балабақшамыздың ортаңғы «Балдырған» тобында жарқын да әсерлі Жаңа жылдық іс-шара жоғары көңіл күйде өтті.
Мерекелік кеш барысында бүлдіршіндер көптен күткен Аяз атаны қуана қарсы алып, әсем ән шырқап, көңілді би биледі 💃🎶
Балалар түрлі қызықты ойындарға белсене қатысып, ертегі кейіпкерлерімен бірге Жаңа жыл әлеміне саяхат жасап, ерекше әсер алды.
Шат күлкі мен қуанышқа толы бұл мереке балалардың жүрегінде ұмытылмас естелік қалдырды 🎁💫
🎅🎄 Жаңа жыл баршаңызға бақыт, шаттық пен сәттілік әкелсін! 🎄🎅
Просмотров: 568
Қосымшалар:
- 1 - n65khkm11rywh6qb4b2o.webp 574.34 Kb
- 2 - kpqktrisxhrviernsx.webp 483.99 Kb
- 3 - yyo7gv_cpa9tjdjjvxql.webp 620.71 Kb