МКҚК "Ақбота" бөбекжайының ортаңғы "Нұрсәуле" тобының тәрбиеленушілерімен тәрбиеші А. Рахматулинаның ұйымдастыруымен "Менің Қазақстаным" атты тақырыптық сағат өтті.

29.08.2025

✨ "Нұрсәуле" тобы – "Менің Қазақстаным" тақырыптық сағаты

МКҚК "Ақбота" бөбекжайының ортаңғы "Нұрсәуле" тобының тәрбиеленушілерімен тәрбиеші А. Рахматулинаның ұйымдастыруымен "Менің Қазақстаным" атты тақырыптық сағат өтті.

🎯 Іс-шараның мақсаты – балаларды Отанын сүюге, Ата Заңымызды қадірлеуге, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

👦👧 Балаларға мемлекеттік рәміздер жайлы түсіндіріліп, олардың Отан үшін баға жетпес қазына екені әңгімеленді.
🎲 Қазақ халқының ұлттық ойындары – "Арқан тартыс", "Шаңырақ" ойналып, балалар белсенділік танытты.
🗣 Әңгіме, сұрақ-жауап әдісі арқылы балалар өз ойларын ортаға салып, туған еліне деген ықыласын білдірді.

🌟 Іс-шара бүлдіршіндер жүрегінде туған жеріне деген мақтаныш сезімін ұялатып, патриоттық тәрбие беруге ықпал етті.

#МеніңҚазақстаным #НұрсәулеТобы #АқботаБөбекжайы #ПатриоттықТәрбие #КонституцияКүні

Просмотров: 3110


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу