01.08.2025
📍 МКҚК "Ақбота" бөбекжайы
👧🧒 Ересек "Қошақан" тобы
🌞 «Менің достарым» апталығы аясында
Бүгін "Қошақан" тобының балалары бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, достық туралы жүрекжарды сөздерін айтып, мейірімділікке толы сәттерді бөлісті.
Балалардың жарқын көңіл күйі – күннің көзінің шуағындай әсерлі болды. Осы ойды бейнелеу үшін балалар күннің көзін түрлі-түсті қарындаштармен бояп, өз шығармашылығы арқылы достықты, қуаныш пен жылулықты көрсете білді.
🌈 Іс-шара мақсаты – балалар бойында достыққа, мейірімді қарым-қатынасқа деген оң көзқарас қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Балалар белсенділік танытып, өз достарына қуаныш сыйлауға асықты!
#Ақбота_бөбекжайы #Қошақан_тобы #ДостықАпталығы #БалаларШығармашылығы #КүнКөзі #ЖылыСөздер #МейірімдіБала