Апталық тақырып: "Менің достарым" "Қошақан" тобы

01.08.2025

📍 МКҚК "Ақбота" бөбекжайы
👧🧒 "Қошақан" тобы

🎨 Апталық тақырып: "Менің достарым"

Бүгін "Қошақан" тобының балалары апталық тақырыпқа сәйкес "Қала үстіндегі шарлар" атты қызықты ойын-сауыққа қатысты.

Балалар достары туралы әңгімелеп, сурет бояу арқылы өз ойларын шығармашылықпен жеткізді. Түрлі-түсті шарлармен безендірілген суреттері арқылы балалар достық, қуаныш, бірлік ұғымдарын көрсете білді.

🌟 Іс-әрекет балалардың ұжыммен жұмыс жасау, әсемдік сезімін дамыту және достыққа деген көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.

Балалар белсенді қатысып, өз достарына арнап түрлі-түсті, жарқын суреттер салып, өзара жақсы тілектер айтты.

#Ақбота_бөбекжайы #Қошақан_тобы #МеніңДостарым #БалаларШығармашылығы #ДостықКүні #ШарларӘлемі

Просмотров: 233


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу