Кіші «Балапан» тобында «Қош келдің, жарқын жаз!» жазғы сауықтыру кезеңінің «Денсаулық апталығында» тәрбиеші Бошаева Риза Ермухамбетовнаның жетекшілігімен «Қуыршақ Айсұлуға көмектесейік» атты сюжетті-рөлдік ойыны
27.06.2025
Кіші «Балапан» тобында «Қош келдің, жарқын жаз!» жазғы сауықтыру кезеңінің «Денсаулық апталығында» тәрбиеші Бошаева Риза Ермухамбетовнаның жетекшілігімен «Қуыршақ Айсұлуға көмектесейік» атты сюжетті-рөлдік ойыны өткізілді.
Мақсаты:
- Балалардың білім деңгейін арттыру.
- Сюжетті-рөлдік ойын арқылы жан-жақты дамыту.
- Тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту.
- Үлкендердің еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке баулу.
Ойын барысында балалар дәрігер рөлінде қуыршақ Айсұлуға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бір-біріне сұрақ-жауап қойып, ойнай отырып, қуыршаққа ем-шара жасау жолдарын үйренді. Іс-әрекеттің нәтижесінде балалар медициналық көмек көрсету рөлдерін шынайы әрі қызығушылықпен орындады. Ойын олардың сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін, өз-өзіне деген сенімділігін дамытып, бір-біріне қамқор болуға және үлкендерді сыйлауға тәрбиеледі.
Просмотров: 755