"Көбелек" тобында «Қауіпсіз жаз» танымдық-тақырыптық іс-әрекеті

26.06.2025


МКҚК "Ақбота" бөбекжайының "Көбелек" тобында  «Қауіпсіз жаз» танымдық-тақырыптық іс-әрекеті өткізілді. Балаларды жаз мезгіліндегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдарымен таныстыру, қоршаған ортада өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру, өмір қауіпсіздігі дағдыларын дамыту мақсатында өткізілген танымдық-тақырыптық іс-әрекетте жаз мезгілінде жиі кездесетін қауіптер туралы айтылды, көрсетілді. 

  • ұсақ заттарды ауызға салу,

  • жуылмаған жеміс-көкөністерді жеу,

  • улы саңырауқұлақтар мен орман жидектерін танымай тұрып жеу,
    сияқты жағдайлар бойынша балалармен суреттер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тәрбиеші балалармен бірге жаздағы қауіпсіздік ережелерін талқылап, сұрақ-жауап әдісі арқылы балалардың түсінігін бекітті. Әңгіме барысында балалар өз ойларын айтып, суреттерден қауіпсіз және қауіпті жағдайларды ажыратып көрсетті.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін меңгеріп, қоршаған ортаға мұқият қарау қажеттігін түсінді. Балалардың өз денсаулығына деген жауапкершілік сезімі, сақтық дағдылары қалыптасты.

Просмотров: 707


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу